Астана: Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті, 2023. — 284 б. — ISBN 9786017822996.
Бұл тіл оқулығы кириллица жазуын білмейтін, қазақ тілін үйренуді бастаған мажар (венгр) тілділерге арналған. Сонымен қатар қазақшасын нығайтып, әрі қарай дамытқысы келетіндерге де ұсынылады. Кітаптың арқауын қазақ ауызекі тілінің негізгі сөздік қоры мен оның мажарша балама лары құрайды. Оқулықта қазақ грамматикасы мен морфологиясының негіздері септелу, жік телу, түрлену жолдары мысалдар арқылы талданған. Қазақ және мажар (венгр) тілдерінің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін салғастыра талдауға ден қойған. Қазақ фонетикасының ерекшеліктері мен дыбысталу дағдысына екі сабақ арналған. Оқулықтағы жаттығулар мен диалогтер өзара логикалық ретпен грамматикалық ереже лерді үйренуге, жаттығуға, қазақша мәтіндерді өңдеуге және сөйлеу дағдыларын біртіндеп жетілдіруге жетелейді. Грамматикалық ережелерді түсінуге және қолданылуын игеруге түрлі сипаттағы иллюстрациялық мәтіндер олардың мажарша тәржімасы көмектеседі. Оқулықты дайындауда шет тілді оқытудағы кейбір соны тәсілдер ескерілген және мажартілді қолда нушының қолайына икемделген. Түрлі тақырыптық блоктарда елтаным, қазақ ғұрып-дәстүріне қатысты мәліметтер беріл ген, сондай-ақ әдеби және фольклорлық мәтіндермен көркемделген.