Алматы: Қыздар университеті, 2015. — 227 б.
Оқулықта жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы, геоэкологиялық мәселелер, табиғи аймақтардың ландшафтық құрылымы, экологиясы мен классификациясы, шаруашылықта пайдалану, оларды қорғау, қайта түлетіп рекультивациялау мәселелері мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтар талқыланған. Антропогендік факторлар, сондай-ақ, тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен әсерлесу заңдылықтары қарастырылып, курсты пысықтауға арналған тест тапсырмалары берілген.
Жоғары оқу орындарының экология мамандығы студенттері мен ізденушілеріне және осы пән бойынша дәріс беретін оқытушыларға арналған. Оқулық – 5В060800-экология, 050607-биология мамандығы студенттеріне негізгі және элективті пән ретінде оқытылады.