Алматы: ҚР жоғары оқу орындарының кауымдастығы, 2013. — 336 б.
АҚШ ғалымдарының биохимия пәні бойынша жазған оқулығы. Оқулык казіргі заман талабына сай деңгейде жазылған: оку материалы негізінен барынша түсінікті және ұғынуға оңай болатын көрнекі суреттер мен сызбанұсқалар түрінде берілген. Оқулықтың әр тарауында теориялықбілімді іс жүзінде қолдануға арналған бөлімдер келтірілген және әр тараудың тақырыбы бойынша іргелі ғылыми жетістіктердін әр түрлі қолданбалы салалар мен өнеркәсіптердегі маңыздылығына ерекше көңіл аударылған. Кітапта библиография келтірілген және күрделілігі әртүрлі дәрежедегі есептер (олардын бірсыпырасының шығару жолдары) қарастырылған.
Қазакша басылымда оқулык 2 бөліммен шығады. 1-бөлімге сегіз тарау кіреді. Бұл тараулардан биохимияның іргелі сұрактары мен тіршіліктің пайда болуы туралы, судың биохимиялық касиеттері, аминқышкылдары мен пептидтер және олардың кеңістіктегі құрылымы, ақуыздар биотехнологиясы, ферменттер мен олардың механизмдері, мембраналардың табиғаты бойынша біраз мәліметтер алуға болады.
Оқулыкжоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторант-тарына және оқытушыларына арналған.