Алматы: Дәуір, 2012. — 244 бет. — ISBN: 978-601-217-294-2.
Бұл оқулықта техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне мемлекеттік тілдің грамматикалық қырларын қашықтықтан меңгерту мәселесі көтерілген. Қашықтықтан оқу студенттен шығармашылық ізденістерді қажет етеді. Оқытудың өзі нәтижеге бағытталған білім беру болғандықтан, құрал мазмұнында қашықтықтан үйретуге байланысты тапсырмалар, практикалық жаттығулар, тест сұрақтары берілген. Өзге ұлт студенттерінің ерекшелігін, қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, танымдық көзқарастарын кеңейтетін мәтіндер алынды. Тіл үйренушілерді қазақ тілінің нәрімен сусындатып, адамгершілігі жоғары, талғамы биік азамат ретінде қалыптастыру мақсаты көзделді.