Алматы: Ғылым, 1987. — 352 б.
Қазақ совет тіл білімі ғылымының негізін салушылардың бірі Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі I. К. Кеңесбаевтың бұл еңбегіне ғалымның қазақ әдеби тілін зерттеуге арналған ғылыми зерттеулері: қазақ тілінің тарихы мен грамматикасы, лексика және лексикография, СССР халықтары тілдерінің өзара қарым-қатынасы, қолданбалы лингвистика, қазақ тілінің фонетикасы мен орфография, орфоэпия мәселелері т. б. арналған еңбектері енді.
Кітап түркологтарға, жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне, студенттерге, филолог-аспиранттарға, журналистерге, жалпы көпшілік қауымға арналады.