(Октябрь алды және 20-30 жылдар). — Алматы: Ғылым, 1968. — 267 б.
Кітап Октябрь алдындағы және 20—30 жылдардағы қара сөз үлгілерінің негізінде жазылды. Автор мұнда проза тілінің қалыптасуын көрсететін факторларға жан-жақты талдау жасайды; әдеби тілдің осы аралықтағы дамуының көркем шығармадағы көрінісіне тоқталады. Бұл кезеңдегі роман мен повестердің, әңгімелердің тілінен байқалатын фонетикалық ауытқулар, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктер, стиль мәселесі сөз болады. Әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің өзіндік сипаттары, олардың бір-бірінен айырмашылығы, бір-бірімен қарым-қатынас байланысы, проза алғаш көрінгенге дейінгі көркем әдебиет тілінің дәрежесі, көркем проза тілінің қандай негізде қалыптаса бастағандығы — бәр-бәрі әртарап фактілер арқылы баяндаладьі.
Кітап филолог ғалымдарға, филология факультетінің оқытушылары мен студенттеріне, аспиранттарына арналды. Бұл зерттеудің белгілі дәрежеде жазушы қауымьның назарын аударатыны да сөзсіз.